Авиамодель спорты бойынша спартакиада жеңімпаздары
Алматы қаласында 2012 жылғы шілденің 1-і мен 10-ы аралығында мектеп және колледж оқушылары арасында авиамодель спорты бойынша VI республикалық спартакиада өтті. Жарыстарға Қазақстан облыстарынан 11 команда қатысты. Павлодар облысы атынан Павлодар қаласы балалар техника мектебінен 7 оқушы шықты.
Спартакиадада мектеп тәрбиеленушілері Николай Евсеенко радиопланер класында 2-орынға, Максим Маковский планерлер класында 2-орынға, Дияр Туленов резіңке модельді модельдер класында 2-орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы чемпионатында авиамодель спорты бойынша команда жаттықтырушысы Сергей Федорович Соц радиопланерлер класында 2-орын алды.