ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
"Мектепке жол"
09-08-2012 09:56

 

Отбасы мен балалар мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекет саясатын іске асыру және оларға әлеуметтік қолдау көрсету қалалық білім беру мекемелерінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

         Осы бағыттардағы жұмыстарға қоғамдық, мемлекеттік емес                                және жастар ұйымдарды тартылып, қайырымдылық пен демеушілік көмектер жасалып мүделлі болған мекемелердің бәрі жұмылдырылуда.                                    Осы мақсаттарда оқу жылы бойы жалпы орта білім беру мектептерінде «Қамқорлық» акциясы жұмыс істейді және «өзара көмек банкі» тұрақты түрде іс атқарып отыр. Бірқатар жылдар бойы балалардың әлеуметтік жағдайлармен мектепке келмей қалуының алды алынып, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға нақты көмектер көрсетіледі, білім беру мекемелері республикалық «Баланы мектепке дайындау» атты акцияға белсене қатысады.

         Осы жылы аталған акциялар 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

         Мұқтаж болған балаларға көмек көрсетуге тілек білдірген қала тұрғындары білім беру бөліміндегі 327780 – «қызу желіге» қоңырау шалып, барлық қажетті деректерді ала алады. Осы мақсаттарда әрбір мектептер мен білім беру бөлімінде әлеуметтік қорғалмаған оқушылар туралы деректер банкі құрылған. Осы мәліметтер арқылы «Баланы мектепке дайындау» акциясы барысында көпбалалы отбасыларға немесе балаларға нақты демеушілер табуға мүмкіндік болады. Жыл сайын акция барысында                          2000 астам бала көмекке қол жеткізеді.

         Акция барысында білім беру бөлімі мен мектептер кәсіпкерлерге, орта және шағын бизнес өкілдеріне  өтініш жасап, көмекке зәру болған балаларға қайырымдылық шараларына қатысуға шақырады.  

         Былтырғы жылы 100 астам кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарға хаттар жолданған болатын. Осында жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тауып жатыр.

         Өткен оқу жылы аталған акцияға әділет басқармасы, ауылшаруашылық, қаржы, энергетика мен коммуналдық шаруашылығы басқармалары, табиғи ресурстар мен табиғи реттеу, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, көші – кон, медициналық қызметтер, қазынашылық департаменттері, бақылау мен әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт, балалар құқықтарын қорғау департаменттері, ішкі саясат басқармасы қатысты. Павлолдар қаласы әкімдігінің бөлімдері де белсенді түрде қатысты.

         Осы акция дәстүрге айналып, ендігі кезекте 2012 жылғы 1 тамыздан бастап балалар құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен 36 астам ұйымдар мен кәсіпорындар балаларға көмек көрсетті.