ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді мемлекетіміздің айрықша мерекесі Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің нығайуы мен дамуы, өркениетті елдер қатарына қосылып, әлемдік көшбастылардың қатарына қосылу жолында Сіздердің де еңбегіңіз зор.
Бәсекеге қабілетті тұлғаның алғашқы бастауын қалыптастыру ісінде атқарып жүрген қызметтеріңізге нәтиже тілейміз. Жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратын білім беру саласына мемлекет тарапынан жіті көңіл аударылып келеді. Еліміз бен Үкімет тарапынан артылып отырған сенімді ақтап шығатындарыңызға кәміл сенеміз. Осы салада атқарып жатқан қызметтеріңіз жемісті болып, биік белестерден көріне беріңіздер!
Сіздерге денсаулық, бақыт, береке және отбасына бірлік пен ынтымақ тілейміз.
Изгі ниетпен,
қалалық білім беру бөлімі
16 желтоқсан 2007 жыл