ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы
26-12-2012 16:18
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы

 

Жаңа жыл қарсанында Павлодар облысының 75 жылдық мерейтой аясында Павлодар қаласында 2012 жылғы 26 желтоқсанда жас тұрғындар үшін Катаев 52 мекенжайда  орналасқан жобалық қуаты              140 орындық мемлекеттік тілде оқытып, тәрбие беретін № 43 балабақша ашылды. Сонымен қатар, осы күні қалада «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамы қайтарымсыз сыйға тартқан 50 орындық «Бақыт» балалар дамыту шағын орталығы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Әлиғазыұлы Қайыргелдинов қатысты.

№ 43 балабақша мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында қалпына келтірілді. Мектепке дейінгі мекеменің ашылуы осы ауданының тұрғындары үшін өте маңызды. Өйткені осы ауданда мектепке дейінгі мекемелер зәру болып отыр. Балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған:  музыкалық зал, психологтік, логопедтік, медициналық, ағылшын тілі кабинеттері бар.

 «Балапан» бағдарламасын үш жылда іске асыру барысында облыстық орталықта  20 балабақша, 20 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды, қосымша 5000 астам балалар мектепке дейінгі орынмен қамтылды, 1200 астам жаңа жұмыс орындар құрылды. Осы шаралар 3-6 жастағы балаларды 100 %, 2-6 жастағы балаларды 82 % қамтуға мүмкіндік берді. Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2013 жылғы 1-ші тоқсанда «Нефтехим LTD» ЖШС қалаға сыйға тартқан Павлов көшесі, 82/1, мекенжайда орналасқан 320 орындық балабақшаның қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.