ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп директор орынбасарыларына арналған оқуы
12-04-2013 13:37
Мектеп директор орынбасарыларына арналған оқуы

Замануи және икемді білім беру жүйесін дамуы үшін Қазақстанда адам капиталының өсуі мәніне ерекше  мемлекеттік саясат жүргізіледі. ҚР білім беру дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды; білім беру құрылымы халықаралық стандарт жіктелуіне сәйкес келтірілді; 12-жылдық модель оқу үрдісіне енгізуге жағдай жасалды, білім беру сапасын бағалау ұлттық жүйесі құрылды.

         Қазіргі кезде білім беруде жобалау мәселесі, жаңа педагогикалық модельдерді құру, жаңа педагогигалық теорияны жасау технологиялық қамтамасыз ету ерекше орын алып отыр. 2012 жылғы 25 маусымнан бастап №832 ҚР БжҒМ бұйрығына сәйкес  «Оқушылардың функционалды сауаттылығына» және оны жүзіге асыру жоспары бойынша білім беру мекемелерде педагогикалық ұжымдары оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс істеуде, мұғалімдер, мектеп директорлары, орынбасарылары оқытылады. Сөйтіп, №34 мектебінде бастауыш сынып  және қоғамдық пәндерінің жетекшілік жасайтын мектеп директоры орынбасарыларына арналған «Оқу бойынша функционалды сауаттылығын қалыптастыру» тұрақты семинары жұмыс істейді. Осы семинардың модераторы ПҚ БАИ бас маманы Н.П. Сеременко.

         Менеджмент мәселелері бойынша  №39 мектебінің негізінде ай сайын жас директор орынбасарылары Мектебі жұмыс атқарады.

         №9 жалпы орта мектеп-гимназиясында әдістемелік жұмысты атқаратын мектеп директоры орынбасарыларына арналған оқу өтті. Семинар-практикумында оқушыларды ОЖСБ, мектеп орынбасарыларының аналитикалық қызметі, нормативтік құжаттармен  жұмыс жасау және ашық баяндама  жазу технологиясы мен мониторинг зерттеу жүргізу сұрақтары қаралды. Осы семинардың модераторы болып ПҚ БАИ бас маманы Л.В. Рыжкова сөз сөйледі. Осы мәселе бойынша  директор орынбасарыларының оқуы Жазғы мектепте жалғасын табады.

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі