ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жыл тәрбиешісі - 2013» қалалық конкурсы
16-10-2013 15:50
 «Жыл тәрбиешісі - 2013» қалалық конкурсы

 

 

2013 жылғы 3 қазан күні Аймауытов атындағы қазақ драма театрында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен  «Жыл тәрбиешісі"  атты қалалық конкурсы  өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты – шығармашылық бағытта жұмыс істейтін талантты педагогтарды қолдау және олардың кәсіби шеберліктерін арттыру.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды.  Бірінші кезеңге 35 педагог қатысты. Олар «Менің мамандығым -тәрбиеші» тақырыбына эссе құрды және бейнепрезентацияны ұсынды.  Екінші кезеңде 18  педагог өз жұмыстарының жүйесін назарға ұсынды, заманауи инновациялық технологияларды меңгерудің жоғары деңгейін, кәсіпқойлылық пен педагогикалық шеберлікті көрсетті. Үшінші қорытынды кезеңге ең көп ұпай санын жинаған 6 қатысушы шықты. Бас жүлдені № 29 балабақшаның тәрбиешісі Наталья Сотникова, бірінші орынды № 96 балабақшаның тәрбиешісі Ирина Майер, екінші орынды № 51 балабақшаның тәрбиешісі Ольга Шундрик және үшінші орынды қазақ тілінде білім беретін № 12 балабақшаның тәрбиешісі Алмагүл Адуова иеленді.