ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
52 пән олимпиадасының қорытындысы
24-12-2013 04:05

Жыл сайын желтоқсан айында қалыптасқан дәстүр бойынша «Дарынды балалар»  бағдарламасы аясында  18-19 желтоқсан  күндері

№ 29 жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға қатысқан оқушылар мен қазылар алқасына сапалы да нәтижелі жұмыс атқару үшін  мектеп директоры Ибрагимов Фарид Исмаиловичтың  тарапынан барлық жағдай  жасалды.

Олимпиданың 6-11 сыныптар оқушыларының аралығының  2 турінде де  567 оқушы қатысты, олардың 172 оқушысы оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін мектептер мен сыныптардың балалары. Олимпиаданың қазылар алқасы құрамына  300 жуық білім беру мекемелерінің  тәжірибелі мұғалімдері қатысты.

2013 жылы 19 желтоқсан күні апелляциялық комиссияның қорытынды отырысынан кейін соңғы қорытынды шығарылып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды.

Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар:

№ 39ЖОМ  -19  жүлделі орынжәне  3грамота

n  № 16 лицей-мектебі - 13жүлделі орын  және  2 грамота

n  № 9 гимназия-мектебі  - 11жүлделі орын және 4 грамота

n  №21 ЖОМ - 9 жүлделі орын  

n  № 19, 22, 25 ЖОМ және «Стикс» мектебі- 8жүлделі орын

n  № 2, 17, 29, 34  - 6жүлделі орын

  нәтижелі қатысқан мектеп командалары:  № 35, 43 - 5  жүлделі орын.

2013 жылы 24 желтоқсанда  сағат 15.00-де № 25 мектепте «Жас дарын» іс-шарасы өткізіледі, бұл аталған шарада 144 жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің дипломдары мен мақтау қағаздарымен марапатталады, олардың 144 қатысушының  І орны- 30, ІІ орны – 44, ІІІ орны -70, жақсы нәтиже көрсетуші- 36  оқушы.

Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша облыстық іріктеу туріне  19 жалпы білім беру мектептердің 56 қатысушылары ұсынылды: № 2, 5,  28, 36, 38,   Кенжекөл мектептерінен (1 оқушы), № 16,17, 21, 34  ЖОМ - (2 оқушы), № 22, 35 ЖОМ   - (3 оқушы), № 25, 29, 43 - (4 оқушы),    № 9, 19, Стикс мектептерінен - (5 оқушы), № 39 -(9 оқушы).

  Ұйымдастыру комитеті жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жоғарғы нәтижелерімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға табыс пен жетістіктер тілейді.