28 желтоқсан Жаңа жыл мерекесіне орай «Ертіс» шаңғы базасында, білім беру жұмыскерлерінің арасында шаңғы жарысы бойынша қалалық кәсіподақ сайысы өтті. Өткізілген сайысты білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ комитеті Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесе ұйымдастырды. Ашық, жылы қысқы ауа райы, жақсы шаңғы жолы мұғалімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шаңғы жарысына қаланың 15 мектебі, 56 мұғалімдер қатысты. Әйелдер арасында Ячкова Татьяна №43 ЖОМ көш бастады, екінші нәтижені Волчуга Светлана №43 ЖОМ, үшінші келген Носова Лариса №42 ЖОМ.
Ерлер арасында үздік нәтиже көрсеткен Бачиев Руслан №40 ЖОМ, екінші орынды Макеев Александр №29 ЖОМ иеленді, ал үшінші орынға Аюпов Амангелді №41ЖОМ ие болды. Командалық есепте 1 орынды №41 ЖОМ иеленді, екінші орын №43 ЖОМ және үшінші орынды №40 ЖОМ мен №8 лицейі өзара бөлісті. Барлық педагогтарды - шаңғы жарысына қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, спорттық және шығармашылық табыстар тілейміз!