ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық шаңғы жарысының қорытындысы
13-01-2014 10:18
 Облыстық шаңғы жарысының қорытындысы

 2014 жылдың қаңтар айының 8-9 күндері  «Зеленная роща» шаңғы базасында, білім беру жұмыскерлерінің арасында шаңғы жарысы  бойынша облыстық кәсіподақ сайысы өтті. Өткізілген сайысты білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ комитеті Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесе ұйымдастырды. Ашық, жылы қысқы ауа райы,  жақсы шаңғы жолы мұғалімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шаңғы жарысына 6 қалалық ( Павлодар , Екібастұз , Ақсу қалалары , ПМПИ , ПМУ , колледждер құрамасы ) және 10 аудандық командалары қатысты. Команда құрамы 5 адамнан (3 ер , 2 әйел ) құралды . 3 км  қашықтыққа жүгірген әйелдер  арасында 1 , 2 , 3 орындарға  құрамында ( Ескендирова М.Т., Ячкова Т.Н. (№43 ЖОМ), Бондаренко Н . С . (№ 17 ЖОМ ) жүгірген Павлодар қаласы командасы иеленді .

Ерлер арасында 5 км қашықтықта үздік нәтиже көрсеткен Бачиев Руслан №40 ЖОМ - бірінші орынға иеленсе , Макеев Александр №29 ЖОМ – 3 орынға иеленді .

Жарыстың екінші күні 3 км кешендік эстафетадан сайыс өтті . Команда құрамында Ескендирова М.Т ., Макеев А.В., Бачиев Р.В. жүгірген Павлодар қаласы білім беру бөлімі командасы алдына жан салмай бірінші орынға ие болды.

Шаңа эстафетасындада Павлодар қаласының мұғалімдеріне тең келер команда болмады. Жарыстың бәр түрлерінен бірінші орынға ие болған Павлодар мұғалімдері жалпы командалық көрсеткіште бірінші орынға көтерілді.

 Барлық педагогтарды,  шаңғы жарысына қатысушыларды  шың жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, спорттық және шығармашылық табыстар тілейміз!  

Н.Ж.Тасыбаев,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің әдіскері