ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Назарбаев зияткерлер мектебінде мектеп директорларының орынбасарларына семинар – коучинг
14-01-2014 12:56
 Назарбаев зияткерлер мектебінде  мектеп директорларының орынбасарларына   семинар – коучинг

Білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаты-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге жеткізу.

Назарбаев зияткерлер мектебінде мектептегі әдістемелік жұмысты жетекшілік ететін Павлодар қаласының директорларының орынбасарларымен оқу өткізілді.

Мұғалімдердің жаңа форматты мазмұнды деңгейлік (бірінші, екінші, үшінші) курсы бойынша семинар өткізілді. Семинардың мақсаты оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер жолдарын қарастыру болып табылды. Деңгейлік курстың тренері, семинардың модераторы Юлия Геннадьевна Мельникова жүргізді.

Келесі осындай бастауын тапқан семинарлардың жалғасын қаңтар айында қазақ тілінде оқитын мектеп директорларының орынбасарларына Назарбаев зияткерлер мектебінде өткізуді жоспарлап отырмыз.

       Білім беру бөлімі Назарбаев зияткерлер мектебінің ұжымына қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

        Еңбектеріңізге сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!

 Ш.С. Нұрахметова,

 

білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі