ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мұғалімдерінің аттестация кезеңдегі қызметінің сараптамалық қорытындысы
06-02-2014 11:09
Қала мұғалімдерінің аттестация кезеңдегі қызметінің сараптамалық қорытындысы

Білім беру сапасы педагогтар құрамымен, олардың жоғары біліктілігімен және құзыреттілігімен анықталады.

        Әдістемелік кабинет облыстық білім беру және тәрбиелеуді дамыту инновациялық орталығымен бірлесіп №7,11 мектептерінде жоғары және бірінші санаттарды беру мен растау бойынша аттестациясы кезінде мұғалімдер қызметінің нәтижелері мен жетістіктерін бағалау бойынша қалалық сараптамалық тобының отырысын өткізді.

Аттестация кезінде 38 қала мектептерінің базасында ашық сабақтар, шебер сағаттар, мұғалімдердің шығармашылық лабораторияларын көрсетуімен әдістемелік семинарлар өткізілді.

900 ден астам бастауыш сынып, мәдениеттану, әскери-спорттық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарының мұғалімдері портфолиоларын ұсынды.

ЖОО ғалымдары, ББжТДИО, білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, мектеп директорының орынбасарлары, шығармашылық тобының, әдістемелік бірлестігінің жетекшілері, деңгейлі курстарды өткен және өтпеген шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер сараптамашылар ретінде болды.

Қалалық сараптамалық тобының мүшелері өздігінен білім алу тақырыбынан шығармашылық есептерді, инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау бойынша электрондық презентацияларды тыңдады, әдістемелік дидактикалық құралдардың, авторлық бағдарламалардың, бақылау өлшемдерін, ҚБТ материалдарын қарап шықты.

Сараптама барысында халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейде үздік нәтижелер көрсеткен  шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдерінің тәжірибесі көрсетілді.

Сараптамалық топтың шешімі бойынша аттестациядан өтетін мұғалімдерге ұсыныстар берілді.

«Ұстаз өмір бойы оқуда» - белгілі шындық. Мұғалім әрқашан өз дамуында және еңбек өмірінде зерттеуші болады.

Шығармашылық табыс пен жеңістерді тілейміз!

 

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласы

білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі