ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Ел мұрасы» музыкалық-әдеби композицияларының қалалық байқауы
29-04-2014 06:05

2014 жылғы 19-21 сәуір күндері аралығында Қ.Әбусейітов атындағы мәдени ойын-сауық орталығында «Ел мұрасы» музыкалық-әдеби композицияларының қалалық байқауы өтті.«Ел мұрасы» музыкалық-әдеби композициялары байқауының бастамашысы Павлодар қаласы  №2 Балалар музыка мектебі болды. Байқауда қаланың жалпы орта білім беру мекемелерінің көркемөнер театрларыныңәдеби-көркемдік шығармашылық топтар бірлестігі қатысты. Музыкалық-әдебиеттік композицияларының тақырыптары әр түрлі болды:біреулер қойылым негізіне әйгілі классиктердің үзінділерін, енді біреулері отандық авторлардың шығармаларын алды, ал кейбір мектептер авторлық бағдарламалырын ұсынды.  Қатысушылардың міндетіне енді: сюжеттік линияларды ашу, жанрлар арасындағы логикалық байланыс, артистік және сахна шеберлігі.

 «Ел мұрасы» бірінші қалалық байқауының қатысушылары келесі орындарға ие болды:                  № 40 ЖОМ «Соқыр Ана» қойылымы үшін - 3 орын, жет.С.Б.Жолжаксынова, №27 ЖОМ «Соғыс жаңғырығы» композициясы үшін - екінші орын, жет. А.Т.Даутекова және жеңімпаз №17 ЖОМ «Ты же выжил, солдат...», жет.Л.С. Плотникова.

Ынталандыру сыйлықтары: НинаМатвеевнаЗапрудневаға(№9ЖОМ)  «Үздік сценарий, үздікрежиссерлікжұмыс»үшін, Березюк Маринаға(№9ЖОМ)«Үздік әйел рөлі»үшін,Сайрамов Болатханға(№ 43 ЖОМ) «Үздік ердіңрөлі»үшін,«Үздікмузыкалық дайындық»үшін № 17ЖОМ.Бусюк Степанға «Артистігі» үшін  қосымша жүлде тапсырылды.

Байқау жаңа таланттарды ашумен қатар жалпы орта білім беру мектептерінің шығармашылық жұмыстарында жаңа саты болды. Балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен және формаларымен, жаңа идеялармен, тәжірибемен алмасу да болды.