ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» әдістемелік-ғылыми конференциясы
06-05-2014 07:18
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы»  әдістемелік-ғылыми  конференциясы

Мектеп – өз салты мен ережелері бар әлем. Университетте алған білімдері теориялық негізінде ғана жақсы, ал өмірінде – бәріде басқаша екенін жас мұғалім тек қана жұмысқа кіріскенде тез ұғады.

Еңбек жолының басында  жас маман көптеген қиындықтарға кезігеді. Сабақта уақытты дұрыс бөлмеуі, сабақтың кезеңдерін логикалық ретімен бір-бірімен байланыстыруы, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қиындықтары, әріптестерімен өзара түсіністігі жоқтығы және басқа қиыншылықтарға тап болады. Жыл сайын 70-тен аса жас мамандар қала мектептеріне жолдама алады.

Қалада бесінші жыл «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» («ПроЛС») клубы жұмыс істейді. Оның жетекшісі – Наталья Владимировна Копыльцова, №36 мектебінің директорының орынбасары. Клубтың сабақтары ай сайын әр тақырыптарға және мектеп психологы Марият Сулейбанқызы Магамедованың сүйемелдеуімен өтеді.

          №36 мектебінің базасында «ПроЛС» клубының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда өз тәжірибесін 13 қала мектептерден 31 жас мамандар көрсетті: №№2,5,6,9,11,14,24,25,35,36,40,43,КОМ.

Ұстаз мамандығы өте қиын, оған мектептің тәжірибелі педагогикалық ұжымы  бейімделуге көмек көрсетіп, қол үшін беруге тиіс. Конференцияда осы және де басқа мәселелері туралы жас мамандар сөз қозғады. Қатысушылар басқа мектептен келген әріптестеріне сұрақ қойып, өздерінің тәлімгерлеріне алғысын білдірді және әрі қарай «ПроЛС» клубымен серіктес болып, белсенді қатысушы болуға ниет білдірді.

Жас мамандар бірлестігі кәсіби өсуіне жағдай жасайды және жас мұғалімнің өздігінен ашылуға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық қызметінде табысқа жету ниетін тудырады. Дәл осындай ұжымда нағыз ұстаз қалыптасуы мүмкін.

Осы конференцияда Жастар кеңесі құрылғаны атақты оқиға болды. Осы кеңес жас ұстаздардың құқығын қорғайды, бейімдеу кезеңде көмек көрсету мен әлеуметтік сұрақтарды шешуге қолдау көрсетеді. Жас мамандар Кеңестің белсенділердің төрағасы  №36 мектебінің психологы М.С. Магамедова сайланды. Кеңес мүшелері білім беру бөлімі және қалалық кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып жоспар құрды.

«ПроЛС» клубының ұйымдастырушыларды №36 мектеп директорын И.Ф. Назарованы, мектеп орынбасарын Н.В. Копыльцованы, психологын М.С. Магомедованы, әдістемелік кабинетінің меңгерушісін Ш.С. Нұрахметованы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсеткен үшін С.Ш. Сейітова қалалық кәсіподақ грамоталарымен марапаттады. «Үздік эмблема» сайысының қорытындысын жасап, №25 мектептің жас мұғалімдеріне грамота мен ақшалы сыйлық табыс етті.

«ПроЛС» клубының жұмысында белсенді қатысқаны үшін білім беру бөлімінің алғыс хаты келесі жас мамандарға берілді: И.С. Власенко, А.Ш. Исеналинова, Р.Т. Курамжанова (№5 ЖОМ(, Т.К. Сергазинов (№6 ЖОМ), О.Н. Мусина, Д.А. Фесик (№11 ЖОМ), Ю.С. Михайлова, А.К. Камалова (№14 ЖОМ), Е.А. Аралов (№15 ЖОМ), Д.С. Муликова, Т.Б. Пазылова (№25 ЖОМ), А.Е. Кайсаринова (№28ЖОМ), Ж.Н. Некрытова, К.С. Витько (№34ЖОМ), Е.Ю. Троиицкая, Д.М. Туленгутова, Т.В. Гетманчук (№36 ЖОМ), А.Т. Мурсалимова (КОМ).

Конференция жұмысына қала мектептерінің 73 жас мұғалім қатысты: 19 бастауыш сынып  мұғалімдері, 10 – ағылшын тілі, 7 – тарих, 5 – психолог, 5 – информатика, 6 – қазақ тілінің, 4 – орыс тілінің, 5 – математика, 3 – физика, биология, география, дене шынықтыру.

Жас мұғалімдерге барлық бастамаларында табыс және сәттілік тілейміз!!!

Жаңа оқу жылында жаңа кездесулерге дейін!!!

Талпыныңдар!!!

      

 

                                  Ш.С.Нұрахметова,  

Павлодар қаласы

білім беру бөлімі

әдістемелік кабинет меңгерушісі