ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысу туралы
23-05-2014 10:21
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысу туралы

 Шымкент қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өткізілді. Осы жылы Павлодар облысының ар-намысын қорғау Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Пирамида» құрамасына жүктелді(жетекшісі Ридзаускене И. В.). Слет барысына Астана қаласы, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген 14 құрама қатысқан болатын. Слеттің бағдарламасы: «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экпедициясының экспедициялық жасақтарының презентациясы, «Жас өлкетанушы-зерттеуші» байқауы, «Экспедицияның дала күнделігін» қорғау байқауы, «Кедергілі алқап» ара қашықтық бойынша сайыс, өлкетанудағы бақылау-туристік жол бағдар бойынша сайыс (Кросс-жорық), «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедиция жылнамасын толтыру болды. Слеттің қорытындысы бойынша біздің БЖЭТО туристік экспедициялық тобы 1-ші жалпы құрамалық орынғаиеленді.