Мектеп жәрмеңкесі
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе тамыз айының 20 мен 24 аралығында Естай атындағы ҚМС қала кәсіпкерлерінің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге «Артур» СҮ, Деловой дүкені ЖШС, «Канцелярская планета» ЖШС белсенді қатысты. Тамыз айында акция шеңберінде көрсетілген көмектің жалпы сомасы 15 млн. теңгеден астам қаражатты құрайды, соның ішінде қолдау көрсетушілер есебінен 1,2 млн. теңге (3000 көмекті аса қажет етуші балаларға көмек көрсетілді).