ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі - 2014» сайысының қорытындысы
26-09-2014 11:44
«Жыл мұғалімі - 2014» сайысының қорытындысы

Білім бүгінгі мемелекеттің маңызды стратегиялық қоры. Инновациялық ой, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдер – ұстаздарға деген орасан зор болашақтың кепілі. Қойылған міндеттер қазіргі педагогтардан шығармашылықты, кәсіби қызметтің жеке және қоғамдық маңыздылығын ұғынуды, нәтиже үшін жауапкершілікті талап етеді.       

2014 жылғы 25 қыркүйегінде № 22,39 мектептер негізінде «Жыл мұғалімі - 2014» сайысыныңақтық айналымы өтті. Бейтаныс сыныпта 53 мұғалімнен 16 қатысушы ашық сабақ көрсетті.

Сайыс деңгейлі курстардан өткен мұғалімдердің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Оларға инновациялық ой-өрістерін қалыптастыруда, оқушылардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға әсер ететін оқытудағы жаңа тәсілдерді кең пайдалану барысында педагогикалық шеберлікті жетілдіруде талап пен ынта-жігер берді.

Ақтық айналымының қорытындысы бойынша сайыстың жеңімпаздары мен лауреаттар анықталды. Олар:

«Үміт» номинациясы

Қ.Е. Смағұлова, № 25 мектебінің тарих мұғалімі 

«Шеберлік шыңы»

К.А. Зотова, № 11 мектебінің тарих мұғалімі

 «Шоқ жұлдызы»

Н.Г.Тұманбаева, № 24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бас жүлде

А.Ф. Дацюк, №17 мектебінің тарих мұғалімі.

 

Р.В.Солнцева,  №34 мектептің ағылшын тілі, Искакова Г.С., № 25 мектептің химия мұғалімі, М.Б. Жагипарова, О.В.Цымбал, Н.В.Иванова №1, 17, 21 мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, Г.К.Абдрахманова, М.Ж. Абылова № 36, 42 мектептерінің қазақ тілі мұғалімі, А.Г.Касымканова, Д.Б.Жакишева № 14, 22  мектептерінің  биология мұғалімдері  сайыс  лауреаты атағына ие болды.

Сайыстың жүлдегерлерін мен жеңімпаздарын құнды сыйлықтар мен білім беру бөлімінің грамоталары күтуде, лауреаттар – білім беру бөлімінің грамоталарымен, қатысушылар – алғыс хаттармен марапатталады.

Сіздердің шығармашылықтарыңыз, өз қызметтеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз, біздің тәрбиеленушілерге деген көңілдеріңіз, жаңашылдығыңыз, үздіксіз ізденістеріңіз үшін кәсіби мерекелеріңіздің алдында сізге деген шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жаңа шығармашылық жеңістер, барлық жобаларыңыздың іске асуына тілектеспін, сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!

 

Ақтық айналымның түгел қатысушыларды құттықтаймыз!!!

 

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі