ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Итоги конкурса
15-02-2009 18:00

«Әй, жарайсың ! » дәстүрлі қалалық конкурсының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, 2009 - 2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын орындау мақсатында 2009 жылғы 13 ақпан күні № 29 жалпы орта білім беру мектебінің базасында ұлты қазақ емес Павлодар қаласының оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысқан «Әй, жарайсың ! » дәстүрлі қалалық конкурсы өткізілді.

Қазақ тілін меңгеру – тілді білмейтіндерге қойылатын бүгінгі күннің басты талабы. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін және мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі үйірме жұмыстарының нәтижесін байқау, сонымен қатар қазақ тілін жетік білетін оқушыларды анықтау, оларды өзгелерге насихаттау, қазақ халқының тілін, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеу, мемлекеттік тілді ұлықтау конкурстың негізгі мақсаты болды. Конкурсқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты.

№ 1, 11, 13, 15, 17, 31, 32, 33, 42, 43, № 2 МИ, КОМ, Стикс мектептері салғырттық танытып, конкурсқа мүлдем қатыспады. Биыл конкурсқа қатысуға барлығы 21 мектеп ( № 2, 4, 5, 7, 9, 14, 16, 18, 21, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 34, 36, 39, 40, 41, № 1 МИ ) өтініш беріп, іріктеу турынан № 4, 14, 18, 21, 23, 24, 29, 36, 39, № 1 МИ ) 10 мектеп финалдық конкурсқа жолдама алды.

Конкурс қорытындысы бойынша:

Бас жүлдеге - № 29ЖОМ «Арман» командасы ие болды;

І орынды – № 36 ЖОМ «Қайнар» командасы алды;

ІІ орындарды № 14, 21 мектептер өзара бөлісті;

ІІІ орындарды № 1 МИ, 4, 24 мектептер иеленді.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың «Шебер шығармашылығы үшін» аталымы бойынша арнайы дипломымен № 29 ЖОМ қайта марапатталды. «Қазақ тілін үйренуге деген ынтасы үшін» аталымын № 39 мектеп және « Көрермендер көзайымы» аталымын № 23 ЖОМ, сонымен қатар «Үміт» аталымын № 18 ЖОМ алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер және командаларды нәтижелі дайындаған қазақ тілі мұғалімдері білім беру бөлімінің диплом мен алғыс хаттарымен наградталды.

Алдағы уақыттағы облыс көлемінде өткізілетін «Әй, жарайсың !» сайысына қатысу жолдамасын № 29 ЖОМ «Арман» алды.

Жүсіпова, 301491