ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас директор орынбасарының мектебі»
14-01-2015 09:54
«Жас директор орынбасарының мектебі»

      «Мектеп ұжымынан бастап кәсіби одаққа. Ұстаздың зерттеушілік іскерлігін ғылыми-әдістемелік қолдау» тақырыбы бойынша № 39 мектептің негізінде «Жас директор орынбасарының мектебі»  атты кезекті отырысы өтті. Директордың жас орынбасарлары мұғалімнің зерттеушілік іскерлігі туралы теорияны, мұғалімнің зерттеушілік білік пен дағдыларының қалыптасу түрлерін, зерттеуші ұстаздың ойлау белгілерімен танысты.       Тәжірибеде когнитивтік, мотивациялық, бағдарлық, технологиялық сияқты төрт қабілетпен жұмыс жүргізілді.

      Өз біліктілік мамандығында, мектепте зерттеушілік іскерлікпен айналысатын және зерттеушілік білім, білік, дағдыны қалыптастыратын  мұғалімдердің пайызы кезең бойынша анықталды.Осы диаграмманың нәтижесінде мектептің әдістемелік жұмысын талдауға болады және нақты мәселелерді шешуді мақсатқа алуға болады.

     Отырыста № 1 мектеп директорының орынбасары  Р.Р. Жолдасовамұғалімнің зерттеушілік іскерлігінің әдістемелік қолдауын ұйымдастыру бойынша мектептің тәжірибесін ұсынды. Биология пән мұғалімі: Н.В. Милейко және бастауыш сынып мұғалімі:  Н.Н.Лунгу зерттеудің ең төменгі сатыдан ғылыми деңгейге жету жолдарын көрсетті.

       ЖДМ қатысушылары ұстаздармен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар алғаны үшін өз алғыстарын білдірді.

 

Қалалық білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова