![Кәсіби біліктілікті арттыру](/media/img/blogs/589a98bec241d.jpg)
Павлодар қаласының № 45 сәбилер бақшасында Павлодар облысы «Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілігін арттыру институты тыңдаушыларына «Педагогтардың өз білімін жетілдіру - кәсіби құзыреттілікті жоғарылату факторы ретінде» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Семинар іскерлік ойын түрінде құрылды. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру, кәсіби шеберлікті дамыту бойынша әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. «Аквариум», «Модерация», «Кейсов» тәрізді дәстүрден тыс әдістерді қолдану педагогтардың өз ойларымен еркін бөлісе алатындай әрекеттер мен диалогтар құруға жағдай жасады. Педагогтар өз білімін жетілдіру тақырыбының тиімді моделін жасап, оқыту-тәрбиелеу жүйесінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын, жаңашыл білім беру технологияларын тәжірибеге еңгізе алды.