![Қысқы спорт түрлерінен жарыс](/media/img/blogs/589adea799ae3.jpg)
Павлодар қаласы мектеп оқушыларының командалары қысқы Президенттік көпсайыс пен оқушылардың XVI облыстық спартакиадасы бағдарламасы аясында облыстық жарыстарда қысқы спорттық бағдарлау бойынша жарыстарда I орынды иеленді.
Қысқы спорттық бағдарлау бойынша қала командасы ұл балалардан тұрды: Никита Павлов, 7 сынып, Антон Дьяченко, 6 сынып, Александр Оскома, 6 сынып және қыздардан: Людмила Голенкова, 5 сынып, Мария Евсеева, 5 сынып, Сабина Сүлейменова, 5 сынып. Қысқы Президенттік көпсайыстан тек командалық ғанаемес, сондай-ақ жеке сынақта № 36 ЖОМ оқұшылары, Ксения Долгополова, Екатерина Ненашева, Алексей Воробьев нағыз көшбасшылар болды. «Үздік нәтиже көрсете отырып, оқушылар жарыстың үш күні бойы тамаша өнер көрсетті. Ауа-райы қатысушыларды алдымен боранмен, содан кейін аязбен сынады. Бірақ бағдарлаушылар бұл сынақтан өткендігін», - дене тәрбиесі мұғалімі Наталья Васильевна Воробьева атап өтті.
Жарыстар 2017 жылғы 3 - 5 ақпанда Усолка өзенінің жайылмасында өтті, 18, 16, 14 жастағы жас топтарында аудан, қала және облыс командалары қатысты.