ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Менің елімнің табиғаты
18-01-2017 06:44
Менің елімнің табиғаты

«Туған жерім» атты республикалық графика бойынша балалар шығармашылығы конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 14 жастағы Белова Нина «Туркестанға саяхат» суреті үшін II орынға ие болды. Ол өз жұмысында түрлі түсті қарындаштармен ұлттық стилистика мен қазақ ою-өрнегінің элементтерін іскерлікпен қолданып, қазақстан табиғатының әдемілігін көрсетті.

Астана қаласындағы Бірінші Президет мұражайында конкурс жеңімпаздарымен финалистері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Нина, Назарбаев интеллектуалды мектебінің 8 сынып оқушысы, өте шығармашылық тұлға, интеллектуалды дамыған, акварельді кескіндеме техникасында сурет салуды ұнатады», - дейді оқытушысы Светлана Евгеньевна Рейн.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған. «Графика», «Линогравюра» номинацияларында 10 - 16 жас аралығындағы жастар мен балалар үшін өткізілген.