Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2017 жылдың 13 қаңтарында № 39 ЖОМ базасында "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыка пәнінен 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау" атты семинар өткізді. Семинар модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Татьяна Анатольевна Евсюкова және №39ЖОМ музыка мұғалімі Лидия Леонидовна Воеводская болды. Семинар барысында 1 –ші сыныптарда музыкадан бағдарламаның өзгеруі, жаңартылған бағдарлама мазмұнының ерекшелігі, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау, қалыптастырушы және жиынтық бағалауы , жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау жөнінде сұрақтар қарастырылды. Семинар қатысушылары тәжірибеде қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлеріне сәйкес қарастырды.Семинар қатысушылары 1 сыныптарда жұмыс жасау үшін теориялық және тәжірибе материалдарын,критериалды бағалау үшін электронды тапсырмалар және әдістемелік нұсқаулықтар алды.