Балаларға арналған сыйлықтар
Қаланың демеушілері біздің балаларды үнемі қуантып отырады. Жаңа жылдық каникулда «АРМО КОМПАНИ» ЖШС директоры Рүстем Серікұлы Сембаев қамқоршылардың отбасыларына барып, балаларға қысқы күртекелер мен тәтті сыйлықтарды таратты.
Рүстем Серікұлы балаларды және қамқоршыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, оқуда жетістік, табыс тіледі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі қамқоршылардың отбасында тұратын балаларға бөлген көңіліңіз үшін алғыс білдіреді. Сізге және сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, жұмыста табыс, ұйымыңыздың биік шыңдардан көрініп, әрі қарай өркендеуін тілейді.