ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«RoboGame» интенсив семинары
05-01-2017 10:31
«RoboGame» интенсив семинары

Павлодар қаласы білім беру ұйымы «ITHOUSE» компаниясымен бірлесіп, № 37 ЖОМ-де 2017 жылдың 4 - 5 қаңтарында робототехника курсынан «RoboGame» интенсив семинарын өткізді. Семинарда робототехниканы еңгізудің базалық мектебі болып табылатын № 9, 11, 16, 19, 22, 25, 29, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41, 42 ЖОМ 30 оқушысы мен 30 мұғалімі қатысты.

Интенсив мақсаты - әртүрлі алгоритмдік конструкциялардың бағдарламалаудағы базалық білімі мен дағдыларын, жобалық іс-әрекеттегі өзіндік жұмыстарын құрылымдауды қалыптастыру, олимпиадаға дайындау.

Семинар STEM - Science, Technology, Engineering, Math секілді бірнеше пәнді біріктірген біртұтас пәнаралық интеграцияларға негізделген. Осыған байланысты бағдарламалау үрдісін қабылдау көрнекі әрі жеңіл болып келеді. Курс бағдарламасы бойынша тыңдаушылармен «Сумо. Кегельринг» және «Сызық бойынша жүру» оқылды. Сабақтарда қызықты тапсырмалар қойылымы арқылы абстрактылы және дивергенттік дамытудыойлау өткізілді, оның негізінде роботтарды инженерлік құру, алгоритмизация менесептеуіш ойлау жатыр. Оқытушылар оқушыларды жарыстарға қалай дайындау керектігі бойынша жұмыс жасады, бағдарламалаудағы қолданылатын ережелер мен блоктарды қарастырды. Оқушылар роботтарды құрастырудағы бөлшектерді пайдаланудағы, сызбалар мен бағдарламаларды құрастырудағы дағдыларын қалыптастырды, логикалық ойлаудағы жаттығулармен жұмыс жасады.

«ITHOUSE» компаниясымен бірлесіп, қала мектептері оқушыларына ақпанда робототехникадан олимпиада өткізу, маусымнан бастап - жазғы мектепті ұйымдастыру жоспарлануда.