ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ұмытылмас жаңа жылдық ертегі
28-12-2016 12:02
Ұмытылмас жаңа жылдық ертегі
2016 жылғы 28 желтоқсанда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «First class Products» ЖШС бірге «Барс» кафесінде қалалық қайырымдылық жаңа жылдық ертеңгілік өткізді. Жана жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жас аралығындағы 100 оқушы. Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар.

Жаңа жылдық мерекеде балалар Аяз ата, Ақшақар, мультфильм кейіпкерлері және жаңа жыл кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық ертегі әлеміне саяхат жасады.

Балаларға мерекелік дастархан әзірленді. Барлық жаңа жылға қатысқан балалар сыйлықтар мен ойыншықтар алды.