ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың физикалық дамуы мен сауықтырудың кешенді бағдарламасы
08-12-2016 03:58
Балалардың физикалық дамуы мен сауықтырудың кешенді бағдарламасы

Павлодар қаласы № 86 балабақшада балалардың физикалық дамуы мен сауықтырудың кешенді бағдарламасы әзірленген. Бағдарламаға емдік дене тәрбиесі, массаж, су шаралары, арнайы сауықтыру ойындары, арнайы шөптерді іріктеу жолымен фитотерапия, дәруменді терапия, тыныс алу жаттығуы, ұйқыдан соң жаттығу өткізу, тұзды, ойлы-қырлы жолмен жүру, ауызды шаю, салқын сумен қолды жуу, психожаттығу, саусақ, көру, тыныс алу, түзету жаттығулары, аквааэробика, степаквааэробика кіреді.

Балабақшада емдеу-сауықтыру жұмыстарын өткізуге арналған спорт зал, жүзу бассейні, сауна, жазғы балалар бассейні, жазғы спорт алаңы, физиотерапия мен массаж кабинеті, медициналық кабинеттер, барлық жас ерекшелік топтарда денсаулық бұрыштары бар.

5 жылдан астам балабақша педагогтары денсаулық сақтау технологиялары - Шарко себезгісі, Стрельникова, Толкачёва, Бутейко әдістемесі бойынша тыныс алу жаттығулары, Нагиев әдістемесі бойыншакөру жаттығуы, түсті терапия, хош иіс терапиясы, ырғақ-саз терапиясы, альфаматология қолданады.

«Балаларды сауықтырудағы жаңа үрдіс балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы сауықтыру формалары мен технологияларын тарату, қолдану, меңгеру, әзірлеу, жасау бойынша кешенді әрекетке кіреді. Кешенді тәсілде арнайы ұйымдастырылған білім беру топтамасы, күн тәртібі кезеңдері, денсаулық тобы бойынша балалармен қосымша және арнайы жеке сабақтар арқылы байланыс қадағаланылады, бұл балабақша әрекетін бейнелейді», - деп атап өтті, балабақша басшысы Кабенова Гүлмира Жанатқызы

Балабақшада 3 жылдан астам жаңа денсаулық сақтау технологиялары мен әдістері қолданылады: «Ниши» жапон жүйесі бойынша сауықтыру жаттығулары, «Хатка-йога» кешені (Л. А. Швайчук, Т. А. Ершова тәрбиешілері мақұлдаған), ИглДоп доптары мен резеңке бұраумен кешенді жаттығулар (авторлары тәрбиеші Л.А. Швайчук, дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы Е. Н. Киршина), аквастрейтчинг (авторы жүзу бойынша нұсқаушы О. Н. Якуба), дренаж элементтерімен түйіспелі массаж жаттығуы (авторы Л. А. Швайчук), Су-Джок әдісі, мектеп жасына дейінгі балаларға бейімделген жаттығулар кешені: «Оль-Ли» балалар ағзасын бекітетін (авторы Л. А. Швайчук, О. Н. Якуба), «Емдейтін дыбыстар» үнді тыныс алу жаттығуы әдісі бойынша (авторы тәрбиеші С. А. Лутаева), Тай-цзи қытай тыныс алу жаттығуы (тәрбиеші И. А. Заречная мақұлдаған), Бодифлекс тыныс алу элементтері, 3 - 6 жастағы балаларға арналған сауықтыру-денешынықтыру кешені, Стрейтчинг технологиясы бойынша мақұлданған жаттығулар кешені (авторлары тәрбиеші Е. А. Барбу, жүзу бойынша нұсқаушы О. Н. Якуба), «Жүзу - шынықтыру құралы ретінде» вариативтік бағдарлама (авторы О. Н. Якуба), Уманский бойынша өзіндік массаж. Жазғы кезеңде жазғы балалар бассейнінде сауықтыру шаралары мен аяқ табандарына нүктелі массаж жасау арқылы ағзаны сауықтыру белсенді түрде өткізіледі.

Балабақша педагогтарының кәсіби шеберліктері мен зор шығармашылық әлеуеті мекеме ұжымының жеке педагогикалық «қолтаңбасын» құруға мүмкіндік береді. Балабақшада балалар дәрігері, физиомедбибі, массаж медбибісі, аға медбибі, дене тәрбиесі, жүзу бойынша нұсқаушылар, психолог, логопед қызмет атқарады. Педагогтар мен медициналық қызметкерлер балалардың денсаулық жағдайын анықтауға кешенді диагностика өткізеді, олардың динамикаларын зерделейді.

«Балалардың денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша мақсатты, жүйелі жұмыс олардың жұмысқа қабілеттерін, бағдарлама материалдарын игеруге, ең бастысы, балалардың сырқаттануын төмендетуге мүмкіндік береді. Балалардың денсаулық жағдайы, физикалық деңгейінің даму мониторингісі келесі көрсеткіштерді көрсетті: диспансерлік есептен 2013 жылы 8 бала, 2014 жылы 11 бала, 2015 жылы 14 бала алынды», - деп атап өттібалалар дәрігері Гүлия Мәкенқызы Стамбекова.