ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп директорларымен мәжіліс
21-11-2016 10:31

2016 жылғы 19 қарашада № 34 ЖОМ мектеп директорларымен мәжіліс өтті.

Мәжілісте Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде жалпыға міндетті оқу жағдайы туралы, қала мектептеріндегі кадрларға қатысты іс жүргізудің ахуалы туралы мәселелер қарастырылды. № 4, 14 мектеп директорларының кәмелетке толмағандар балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Мектеп директорларына жалпы орта білім беру мекемелеріндегі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы, мектеп сайттары жұмыстарының талдауы және 2017 жылғы қорытынды аттестаттауына дайындалу барысы туралы түсінік берілген болатын.

Сонымен қатар мектептердегі кітапханалар қоры мен тыйым салынған сайттарға шығу мониторингі, есептерді тапсыру және НОБД толтыру қорытындылары талқыланды.

Қатысушыларға мәжіліс материалдары таратылды.