2016 жылы 18 қазанда Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы «Шығармашылық MIX» балалар бірлестігінің тәрбиеленушілері облыстың мүгедектер және қарттарға арналған интернат-үйінде концерт өткізді.
Концерттік бағдарламаға № 4, 6, 7, 12, 19, 20, 25, 33, 35 ЖОМ оқушылары қатысты. Концерт бағдарламасында № 12 ЖОМ оқушылары Кәрібай Нұрбек және Назымбек Қосман, № 33 Уахит Шынғысхан қазіргі қазақстан композиторларының өлеңдерін орындады. № 33 ЖОМ оқушысы Жұмабай Байтұрсын, № 35 ЖОМ оқушысы Ергали Акерке домбырамен белгілі композиторлардың шығармаларын орындады, № 19 ЖОМ Әлжанова Ботагөз, № 25 ЖОМ Кабдылкаримова Ботагөз оқушылар құрамында «Лид» балалар-жасөспірімдер ассоцациясының көшбасшылары үнді биін, № 7 ЖОМ оқушылары флэшмоб көрсетті. № 6 ЖОМ оқушылары Кутькова Екатерина, Гостюшева Алина, Данилюк Салтанаттың орындауындағы әзіл өлеңдер айтты.
«Күзгі суық күндері балалар көрермендерді қуантты және көп жылы сөздер,жаңа кездесулер туралы тілектер айтылды», - деп белгіледі балалар бірлестігінің ұйымдастырушы-ұстазы Айгерім Байтұрсынқызы Темірғалинова.