ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
АҚ «Қазақстан алюминиіне» экскурсия
11-10-2016 03:26

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, № 16, 34, 29, 30 жалпы орта білім беру мектептерінің 60 астам оқушылары АҚ «Қазақстан алюминиіне» барып келді. Осы жолы олар зауыт бөлімшелеріне барып, глинозем шығарылатын өндірістің маңызды сатыларын көріп қайтты.

Экскурсияны өткізу алдында оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстырылды, оларға арнайы киім-кешек және дулығалар таратылды.

Экскурсия өте қызықты және танымдық болды. Цех шеберлері қатысушыларды зауыттың даму тарихымен таныстырды, әсіресе келешек өмірін зауытпен байланыстыруды жоспарлайтын балалардың қызығушылығын тудырған глинозем өндірісін танып білуге мүмкіндік алды.

АҚ «Қазақстан алюминиі» аймағымыздың жасыл кәсіпорындарының бірі болып табылады. Осыны 50000 жуық әртүрлі ағаштар мен бұталары өсетін питомниктің аумағы дәлелдей түсті.

Жыл сайын балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы АҚ «Қазақстан алюминиі» мұражайы мен питомнигіне бару, «Мейірімді қыс», «Қош келдің, құстар елі!» акциялары, экологиялық күндерді атап өтуге арналған турнирлар, сайыстар, конференциялар сияқты іс-шараларды АҚ «Қазақстан алюминиі» бірлесе ұйымдастырып өткізеді.