ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Педагогтар қатарын толықтыру
07-10-2016 04:20

Павлодар қаласының білім беру мекемелеріне келетін, жас мамандар саны жылдан-жылға артып келеді. Соңғы 3 жыл ішінде білім беру ұйымдарының педагогтар корпусы 339 жас мамандармен толықтырылды, ол дегеніміз педагог жұмыскерлердің жалпы кадрлық құрамының 12,6% құрайды. Солардың ішінде 231 мұғалім жалпы орта мектептерінде жұмыс істейді, мектепке дейінгі ұйымдарда - 97, қосымша білім беру ұйымдарында - 11.

Ағымдағы оқу жылында Павлодар қаласының білім беру мекемелеріне Қазақстанның ЖОО мен колледждерінің түлектерінен 149 жас мамандар келді. Солардың ішінде мұғалім ауыл аймағында жұмыс істеуді қалады.

Мектепке дейінгі және мектеп жастағы балалардың саны өскенімен, педагогикалық кадрларға сұраныс мәселесі жас мамандардың келуімен шешілді.

Оқушылармен жұмыс істеуге бейімдеу, жаңадан келген жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында қала мектептерінде жас мұғалімдер мектептері жұмыс істейді. Оқутудың жаңа технологияларын меңгеру,кәсіби шеберлік дағдыларын ынталандыру және қолдау көрсету үшін білім беру бөлімінде «ПроЛС» қалалық клубы қызмет етеді. Клубтың жұмысына білім беру мекемелерінің тәжірибелі педагогтары тартылған. Қалалық кәсіподақ комитетімен бірге «Мұғалім атағын беру» шарасын өткізу дәстүрге айналды.