ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартудағы тәжірибе
15-09-2016 04:33

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау шеңберінде республиканың 30 пилоттық мектептерінің қатарына 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар қаласының № 39 ЖОМ кірді. Экспериментке 1-сыныптардың 50 оқушысы (2 сынып топтамасы), 9 пән-мұғалімдері қатыстырылды.

№ 39 ЖОМ мұғалімдері «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығында курстық даярлықтан өтті. Апробация «Атамұра» және «НЗМ» АҚ баспаларының оқу-әдістемелік кешендері бойынша іске асырылды. Эксперименттің басында жаңа стандарт аясында оқушылардың әлем тану, сауаттылыққа баулу, математика пәндері бойынша икемділігінің хабардарлығы зерттеуге тартылды және ата-аналардың ой пікірлері жүйелі түрде зерттелді.

Жаңа оқу жылында білім берудің жаңартылған мазмұнымен айналысатын, мұғалімдердің желілік қоғамдастығы жұмыс істейтін болады, аталған қоғамдастықтың жоспарында тәжірибе алмасу бойынша педагогикалық шаралар, өзара оқытушы семинар-практикумдер, коучинг-сессиялар, кеңес беру және ғылыми жетекшілік ету үшін қаланың ЖОО оқутушыларын шақырумен менторингтер өткізу жоспарланған.

Эксперимент жаңа оқу жылында 2-сыныптарда жалғастырылады.