ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жыл тәрбиешісі» конкурсы
13-09-2016 12:03
2016 жылғы 5 - 15 қыркүйек аралығында білім беру бөлімімен №104 сәбилер бақшасында «Жыл тәрбиешісі» конкурсы өткізілуде. Конкурстың мақсаты мектептке дейінгі мекемелердің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын анықтау және қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту тәжірибесіндегі инновациялық қызметін ынталандыру және мадақтау болып табылады.

Конкурсқа қаланың 16 мектепке дейінгі мекемелерінен 23 педагог қатысады. Конкурс екі кезеңде өтеді. 5 - 8 қыркүйек аралығында І тур шеңберінде қатысушылар «Мамандығымды мақтан тұтамын» эссесі және «Кәсіптік құжаттама» визит карточкаларын ұсынды. 14 - 15 қыркүйекте ІІ тур аясында қатысушылар шебер сыныптар - ашық сабақтар өткізеді. Жас мөлшеріне қарай топтарды және қызметінің формасы қатысушылардың таңдауымен. Содан кейін тәрбиеші өз жұмысының жүйесін негіздейді және ұсынады, іске асырылған жобаның және алынған нәтиженің негізгі ойын көрсетеді. Конкурс қортындысы бойынша жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.