ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ХІ қалалық педагогикалық марафонның қорытындысы
31-08-2016 04:12
ХІ қалалық педагогикалық марафонның қорытындысы

«Білімді ел - мәнгі ел» тақырыбы бойынша ХІ қалалық педагогикалық марафоны өтті. Марафон ИнЕУ, №16, №24 мектеп және № 3, 6, 22, 32, 33, 35, 44, 102, 112, 120 сәбилер бақшалары базаларында өткізілді.

Өткізу барысында директорлар, директор орынбасарлары, мектеп, балабақша ұстаздары басқару сұрақтары бойынша отырыстары ұйымдастырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдері инновациялық тәжірибелерімен бөлісті.

69 секция жұмысына 2200 астам педагог пен 500 астам мектепке дейінгі және мектептен тыс мекеме қызметкерлері қатысты. ОТҮ технологизацияландыру, мазмұнының жаңартылуы, білім беру сапасын басқару сұрақтары бойынша 390 баяндама тыңдалып, талқыланды. Соның ішінде 158 баяндама ең үздік атанып, білім беру бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

Секция жұмыстарына Инновациялық Еуразия Университетінің профессор - оқытушылары, педагогикалық шеберлік республикалық орталығы филиалының жаттықтырушылары, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға- оқытушылары секция модераторлары болды.

Үздік баяндамалар «ИнЕУ жаршысы» және «Педагогикалық альманах» журналдарында басылып шығады.

Жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Ш.С. Нұрахметова, әдістемелік кабинет меңгерушісі