2016 жылғы 21 – 22 маусым аралығында оқушылардың жазғы демалысын қамту бойынша Павлодар қаласының Прокуратурасы білім беру бөлімінің қатысуымен «Бақытты балалық шақ – тұрақты келешек» атты акциясын өткізіп өтті. Оқушылар тоғызқұмалақ, шахмат, футбол және стритбол бойынша жарыстарында қатысты. Барлығы ұйымдастырушылар атынан сыйлыққа ие болды. Акцияның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты азайту, денсаулық өмір салтын насихаттау, балалардың бос уақытын спортпен және басқа да қоғамдық пайдалы іс-шаралармен айналыстыру.