ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жас патриот» жазғы лагері
20-06-2016 07:02
«Жас патриот» жазғы лагері
Жаз- балалар үшін ең керемет уақыт, сабақтан қолдары босап, достарымен қалауынша ойнауға мүмкіндік береді. Жаз–ойындар, көңіл көтерулер, қалаған ісіңмен айналысатын, қуаттанатын, сауығатын уақыт. Жазғы сауықтыру лагері балалардың жазғы демалыс уақытын денсаулықтарын нығайтуға, жаңа нәрселерді білуге, жаңа әсерлер алуға бағыттауға көмектеседі. Жазғы лагерде белсенді демалыс пен интеллекті дамыту, тұлғалық тәрбие мен өз бетімен әрекет етуге үйрету үйлесіп қатар жүреді. Жазғы лагерь – оқушылардың қараусыз қалып тәртіпсіздікке жол берілмеудің жақсы амалы. Балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру, бос уақыттарын қамту, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты азайту мақсатында «Жігер» БЖК Шалдайдағы «Лесная сказка» сауықтыру лагерінде «Жас патриот» атты маусымын ашты. Лагерьге клуб тәрбиеленушілері – аз қамтылған отбасыдағы, көп балалы отбасыдағы балалар мен белсенді тәрбиеленушілеріміз қатысты. Биыл лагерьге 150 бала қатысты.