Жазғы демалыс кезінде «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен» Павлодар қаласының қалалық демалыс және мәдени саябағында спорттық мереке ұйымдастырылды, мұнда «Непоседы» - Новиков отбасы , «Жұлдыздар» - Жанабаев отбасы, «Көк шалғын» - Сағитов отбасы командалары қатысты. Балаларды және үлкендерді өздерінің дене шынықтыру дайындығы мүмкіншілігі мен жағымды көңілкүйі,бірлескен шығармашылық қуанышын балаларға сыйлауға ынта білдірген орталықтың ұйымдастырушы-ұстаздары Қайырқанова Н.Б., Сабитов К.Т. қарсы алды. Марафон 11 интеллектуалдық және спорттық жарыстардан тұрды. Көптеген көрермендердің қолдауымен , командалар соңғы байқауға дейін шиеленістерін сақтады.Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды №37ЖОМ «Жұлдыздар» командасы және «Непоседы» № 16 ЖОМ «Непоседы» командасы алды. 2 орынды № 16 ЖОМ «Көк шалғын»командасы алды. Спорттық марафонның белсенді қатысушысы әкелер кеңесінің мүшесі Конопля В.А құрметті әділқазылар мүшесі.