ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектептер арасындағы желілік қоғамдастықтар жұмысы шеңберіндегі «Коучингтер фестивальі» атты мектеп басшыларына арналған семинар
13-04-2016 08:48
«Мектептер арасындағы желілік қоғамдастықтар жұмысы шеңберіндегі «Коучингтер фестивальі» атты мектеп басшыларына арналған семинар

«Адам шын мәнінде жетіле алмайды, егерде өзгелерге жетілуге көмек бермесе»

Диккенс Ч.

№9 мектеп негізінде №9 және №39 мектептер арасындағы желілік қоғамдастық жұмысын ұсыныумен семинар өтті.

Семинарда басқару, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын саралау үрдісі мен білім мазмұнының түрлі деңгейлілігін дамыту, оқу-тәрбиелеу үрдісінің сапасын арттыруда педагогикалық қызметтегі барлық субьектілерінің өзара әрекеттесуінің үйлесімдендіруге, жаңа мемлекеттік білім беру стандарттарын іске асыру бойынша мектептер қызметін жетілдіруге ықпал ететін оқытудағы жаңа технологияларды эксперименттік енгізу, жаңа талаптар контексінде педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша әдістемелік қызметінің жұмысын белсендету, директордың мәртебесі мен оң келбеті бойынша сұрақтар талқыланды.

№ 9 мектеп директоры С.В.Завальная мектеп басшыларының алдында тұрған мұғалімдердің кәсіби өсуіне әдістемелік қолдау көрсетудің негізгі мәселелерін, басымдық бағыттарын, міндеттерін атап кетсе, ИнЕУ магистрі А.И.Казанцева білім беру мазмұнының жаңартылуы бойынша сөз сөйледі.

Семинар аясында Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Ю.Г. Мельникова, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова, І және ІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдер сөз сөйледі.

Семинарда І және ІІ деңгейлі курстан өткен басшылар мен мұғалімдердің кәсіби дамулары мен педагогикалық шеберліктерінің өсуіне байланысты жинақталған тәжірибелерімен диалогтік қарым қатынас арқылы ақпаратпен алмасты.

І деңгейлі курстан өткен С.М. Рыбак және Е.В. Трушакова №9, №39 мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастық жұмысының жүйесі мен модельін ұсынды. Фокус- топты қалыптастырудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Фокус - жетекшілері LS режиміндегі тиімді жұмыс амалдарын көрсетіп, ІІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдермен ұйымдастырып жүрген жұмыстарымен таныстырды «Ашық сабақ».

Мектеп директорларына арналған семинардың практикалық бөлімі І және ІІ деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің «Коучингтер фестивальі» шеберлік сағаттары формасында өтті.

Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойланту, зерттеушілік бойынша коллаборативтік ортаны құрудағы коучинг модераторлары Р.Б.Асылова, Б.М.Тлегенова, Е.Ф.Белоусова, Е.М.Орел, Р.К.Тұрсынова болды.

Семинарды қорыта келгенде мектеп басшылары көрсетілген практикалық көмек пен ұсынылған тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді. Мектеп директорлары атынан №11 және №37 мектептерінің директорлары О.И.Матвеева, Л.Б.Жүсіпова сөз сөйледі. Бұл семинарда №№16, 28,11, 5, 23, 36, 19, 25 және т.б. мектептерінің желілік қоғамдастықтарына қатысуға шешім қабылданды.

Мектептер арасындағы желілік қоғамдстықтың мүшелері Педагогикалық шеберлік орталығында қалалық шығармашылық топ болып бірлесіп, өз тәжірибелерімен бөлісуді шешті. №№ 2, 7, 19, 25, 35, 37 мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер № 37 мектеп базасында кездесіп отырады.

Семинар жұмысына 150 астам педагог ат салысты, оның ішінде №№4, 5, 6, 7, 11, 12, 16, 18, 19, 20, 23, 28, 29, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 43, КОМ, Жетекші мектептерінің директорлары, №№1, 14, 15, 24, 30, 39, 42 директор орынбасарлары, №№9, 39 мектептерінің педагогикалық ұжымы.

Педагогикалық ұжымдарға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.