ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қош келдің, құстар елі
12-04-2016 02:21
2016 жылғы 8 сәуір күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК балалар бірлестіктерінің оқушылары «Қош келдің, құстар елі!» акциясын өткізді. Мереке құстар туралы өлеңдердің оқылуымен басталып, кіші буын оқушыларының орындауында «Құстарды шақыру» көрінісімен жалғастырылды. Акция қатысушылары Орталық аумағында «Қазақстан алюминиі» АҚ жұмыскерлері дайындаған құс үйшіктерін ілді. Ұстаздар суреттер сайысы, «Ғажайып құстар» викторинасы, «Бүгінгі түскі асымыз», «Құстың ұшуы», «Қандай құстың тұмсығы?» танымдық ойындарын өткізіп, «Торғайды ұстап ал», «Үйрек-қаз» қимыл ойындарын ойнатты. Акцияның әр қатысушысы құстар адамның қанатты достары болып келетінін есінде сақтап қалады деген ойдамыз.