Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінде 2016 жылдың 2-4 наурыз күндері аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы VI халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Павлодар облысының командасына республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды және облыстық кезеңдерінің 13 жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілді. ІІІ орын Павлодар қаласының №9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Алдабергенова Анель «Елдің адами әлеуетін дамытудың үлгісін жасау инновациялау мен экономиканы дедолларизациялаудың факторы ретінде» жобасымен, ие болды. Конкурсқа Қазақстанның барлық аймағынан және Тәжікістан, Грузия, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінен 224 жобамен 250 оқушы қатысты.