Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ!
24-12-2015 06:50
ЖАҢА  МЕКТЕП АШЫЛДЫ!
2015 жылдың 23 желтоқсан күні Зеленстрой шағын ауданы Ворушин 6/2 көшесінде 1200 орындыққа арналған жаңа ғимарат № 37 жалпы орта білім беру мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өкізілді. Мектептің ауданы - 15804,4 шаршы метрден тұрады. 2 Жалпы мектепте 51 оқу кабинеті бар. Екі-екіден физика, биология, химия пәндері кабинеттері арнайы мамандандырылған жабдықтармен қамтылған. 4 кабинет ағылшын тілі пәнін оқытуға арналған, информатика және мультимедиалық кабинеттері екеуден берілген, 1 алғашқы әскери даярлық кабинеті бар. Мектепте арнайы қыздарға матаны және технологияны өңдеу бойынша және ұлдарға металды, ағашты және технологияны өңдейтін, сонымен қатар технологияны оқытудың арнайы құрал-саймандарымен жабдықталған кабинеттер. Акт залы 420 орынға арналған, 60,94 шаршы метрлі музыка кабинеті, медиатекасымен бірге оқу залы, кітапхана, аз қимылды қажет ететін ойындарға арналған 115,22 шаршы метрлі ойын залы орналастырылған. Спорттық зал дене шынықтыруды дамыту үшін әр түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, көлемі 552,32 шаршы метрден тұрады. Компьютер кабинеті оқушыларға арналған екі информатика кабинеті 73 компьютерден тұрады, лазерлік принтермен қамтамасыз етілген. Медициналық кабинет педиатр және ем-шара мен ине салу (екпе) кабинеттерінен тұрады, осыған қоса стоматология, психолог пен кабинеттері қарастырылған. 426 орынға арналған тамақтану орны асхана бар. 3 Мұғалімдер саны- 64, оның ішінде жоғары біліктілік санаттысы - 24, бірінші біліктілік санаттысы -13, басқа қызметшілер құрамы – 48. 2015 жылдың екінші жартыжылдығында 708 оқушы заман талабына сай жабдықталған мектептің қазіргі ғимаратына қол жеткізді.