ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туристік-өлкетану бағытында балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуы туралы
28-10-2015 12:25
Туристік-өлкетану бағытында балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуы туралы
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының басшысы Л.А.Вольф 2015 жылғы 23-24 қазан күндері Астана қаласының Жас туристер стансасы мен Оқушылар сарайы негізінде өткізілген туристік-өлкетану бағытында балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуы мақсатында іссапарға жүріп келді. Отырыс қатысушылары 104 адам құрады, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы білім және ғылым, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктерінің өкілдері, білім басқармалары, үкіметтік емес ұйымдар, туристік-өлкетану бағытындағы балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басшылары болды. Отырыс бағдарламасының мазмұнын құттықтау сөздері, сөз сөйлеулер, ой алмасу, қорытындылау мен ұсынымдарды қабылдау қамтыды. Сонымен қатар, бағдарлама Жас туристер стансасы, Оқушылар сарайы қызметінің презентациясы, көрмесі, ашық сабақтары және Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиямен толықтырылды. Отырыс барысында қосымша көкейкесті мәселелері қарастырылып, қатысушылардың баршасы жұмысқа қатысты ризашылығын білдірді.