ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Мектеп –ЖОО» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы оқыту семинары
02-10-2015 10:57
«Мектеп –ЖОО» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы оқыту семинары
Бірнеше жыл бойы білім беру бөлімі Инновациялық Еуразия Университетімен бірлесе жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мұғалімдер мен оқушыларға арналған ғылыми-практикалық конференциялар, тамыз педагогикалық оқулары, қала деңгейіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғау, семинар-практикумдар, интеллектуалдық марафондар өткізіледі. Жыл сайын қала мектептерінің әдістемелік қызметі шығармашыл мұғалімдердің жұмыстарын ұсынады. Ағымдағы жылда қала мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін 120 мұғалімнің инновациялық педагогикалық тәжірибелері сараптамалық комиссия мүшелеріне ұсынылады Мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында – ИнЕУ оқытушыларымен директор орынбасарлары мен мұғалімдерге оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарға 70 аса педагог қатысты. Семинардың модераторы ИнЕУ аға оқытушысы, магистрі А.М.Утилова болды. Қатысушылар білім беру бөлімінің әдістемелік қызметіне және ИнЕУ ұжымына алғыстарын білдірді. Мереке қарсанында ИнЕУ оқытушыларына білім беру бөлімімен ынтымақтастықта, кәсіби қарым-қатынаста жұмыс жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шығармашылық шабыт, зерделі шәкірт, жанұялық бақыт тілейміз!

Павлодар қаласының әдістемелік кабинет меңгерушісі

Ш.С.Нұрахметова