ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Менің педагогикалық ұстаным» іріктеу айналымының қорытындысы
11-09-2015 11:20
Павлодар қаласының білім беру бөлімі жоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру, оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттыруды тәжірибеде іске асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі. Сайыс деңгейлі курс өткен мұғалімдері үшін өткізіледі. Бірінші іріктеу айналымы «Менің педагогикалық ұстаным» (өзін-өзі таныстыру) 2015 жылғы 10 қыркүйек БШҰО негізінде өтті. Екінші іріктеу айналымы - «Менің инновациялық тәжірибем» (мастер-класс) 2015 жылғы 14 қыркүйек БШҰО негізінде өтеді. Үшінші кезең – практикалық (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 2015 жылғы 17,18 қыркүйек №9, №35 мектептерден негізінде өткізіледі. Сайысқа 30 қала мектептерінен (№№1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 33, 35, 36, 39, 41, 42, 43) 51 мұғалім (биология – 3, химия – 1, география –3, информатика – 1, бастауыш сынып – 15, ағылшын тілі -3, тарих-5, қазақ тілі- 10, орыс тілі-4, математика – 3, технология – 1, дене шынықтыру - 1) тапсырыс берді. Әділқазы алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, ЖОО өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарылар, қала мектептердің жоғары санаты тәжірибелі мұғалімдер тағайындалды. «Жыл мұғалімі-2015» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталынады. Біінші іріктеу айналымының қорытындысы бойынша келесі айналымына қатысушылар анықталды. Олар: «Үміт» номинациясы Г.А. Есхожина, Ю.А. Безрукова, №12,42 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, С.М. Арынова, А.Т. Мусаева, №6,12 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, Б.С. Айтуганов, №25 ЖОМ география мұғалімі, Г.Ш. Оспанова, №1 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, А.С. Серикбаев, №19 ЖОМ информатика мұғалімі. «Шеберлік шыңы» Б.Т. Толеухан, А.З. Ныгманова, А.Ж. Бектасова, Л.П. Косова, №5,22,25,41 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Т.С. Саворовская, К.С. Ергалиев, А.К. Жангазин, А.Х. Кабыкенов, №1,2,39,43 ЖОМ тарих мұғалімдері М.В. Димитрюк, №9 ЖОМ орыс тілі мұғалімі, А.С. Касымканова, №42 ЖОМ математика мұғалімі, М.Е. Ахмульдинова, №41 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі, Б.Ш. Машимов №30 ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі. «Шоқ жұлдызы» Н.В. Милейко, А.В. Выгузова, Л.З. Сыздыкова, №1,4,39 ЖОМ биология мұғалімдері, Н.Е. Салмина, О.А. Никонорова, Ж.Ж. Жаксылыкова, С.А. Журавлева, Г.В. Белова, 5,13,16,24,27 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Г.М. Шаймардан, М.А. Темиржанова, Г.К. Адильханова, № 17,25,29 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері, Б.А. Сергазина, А.А. Шарбакбаева, №24,35 ЖОМ география мұғалімдері, М.В. Рафальская, И.И. Шевченко, Т.В. Баранова, №11, 14,15 ЖОМ орыс тілі мұғалімдері, Е.Т. Марзатаев, №20 ЖОМ тарих мұғалімі, И.В. Сотникова, №36 ЖОМ математика мұғалімі. Нұрахметова Ш.С., Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі