ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кенжекөл ауылындағы жаңа мектеп
04-09-2015 06:42
2015 жылғы 1 қыркүйек күні Павлодар қаласының Кенжекөл ауылында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Мерекелік шараға Павлодар облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев, облыс білім беру басқармасының басшысы Бақыт Мақанқызы Бексейітова, Павлодар қаласының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қатысты. Мектептің жаңа оқу ғимаратында бастауыш, орта және жоғары буыннан 600 оқушы оқитын болады. Мектеп табалдырығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы сыйға тартылған 125 бірінші сынып оқушысы аттады. Мектептің үш қабатты заманауи ғимаратында 30 оқу кабинеті, 200 орындық асхана, 180 орындық акт зал, спортзал, металл, ағаш және мата өңдеу шеберханалары жұмыс істейді. Мектеп ауласында спорт, ойын алаңдары бар. Оқу жылының басына Кенжекөл ЖОМ екі ғимаратында 903 оқушы оқитын болады. Мерекеде қонақтар үшін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынды.