ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор мектебі
03-06-2015 12:38
Жас директор мектебі

№ 11 мектепте Жас директор мектебінің қорытынды отырысы өтті. Отырыс тақырыбының сұрақтарына: жас директорлардың ұйымдастырушылық-әкімшілік әрекеті, Оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылау және бағалау, білім мекемелерінің аттестатциясы сияқты сұрақтар негізге алынды. Жас директор мектебінің отырысы мектепке экскурсия жасаудан басталды. Мектеп директоры, О.И.Матвеева, мектептің моделі мен даму жоспарын, жалпы оқыту мәселесін қадағалау жүйесімен таныстырды. Мектеп басшыларының оқыту түрі диалогтік оқытудың шеберлік сағаты мен «Интеллектуалдық казино» іскерлік ойыны сияқты түрде өтті. Отырыс барысында мектептегі және асханадағы кезекшілікті ұйымдастырудың нақты ережелері және күнделікті «Кезекші дауысы» парақтарын шығару бойынша кеңестер берілді.Ақпаратпен және жетістіктермен алмасу бойынша диалогтік сұхбат өткізілді. Әдістемелік кабинеттің жоспары бойынша ЖДМ отырыстары №9, 38, 42, және ИнЕУ-де өтті. №9 мектеп-гимназиясының директоры С.В.Завальная І деңгей тарих мұғалімі С.Айткужиновамен серттификатталған мұғалімдермен жұмыс жүйесі мен мектеп мұғалімдерінің қоғамдастығын құру туралы коучинг-семинар өткізді. Білім жүйесіндегі өзекті сұрақтардың бірі- барлык педагогикалық ұжымдарды теориялық біліммен қамтамасыз етумен бірге олардың тәжірибелік негізін құру болып табылады. Нақты осы сұраққа ЖДМ отырысы арналды. Бұл отырысты №42 мектептің басшысы И.Ж. Төргелдинова өткізді.Ол деңгейлік оқытудан өткен мұғалімдердің Бағдарлама идеяларын жүзеге асырудағы өзара тәжірибе бөлісу мен тәлімгерлік жұмысының, кәсіби қоғамдастық құрудағы топ жұмыстарының дәлелдемелік негіздемесін ұсынды. Мектеп ұжымындағы психологиялық камфортттық жағдайын құру мен функционалды міндеттерді бөлудің үлгісімен құрудың басқару жұмысындағы тәжірибесі мол, шығармашылықпен істейтін А.Н. Абылғазинов ұсынды. Ол мектеп директоры жұмысының табыс құпиясын ашып, ұжыммен жұмыстың принциптерімен, басқарушының 16 Ережесімен, басқарудың ерекше стилі мен әдістемесімен таныстырды. Мектеп пен жоғары оқу орындарының өзара әрекеті мектеп бағдарламасының даму жолдарын дамытса, екіншіден, - өзара деңгейлік білім орындарының жұмыс жұйесімен қатар үздіксіз білім беруді қамтамасыз ететін білім беруді жетілдірудің формасы болып табылады. Бірінші басшылардың кәсіби деңгейін дамыту мақсатында ИнЕУ негізінде «Мектеп директоры» атты дөңгелек үстел өтті. «ЖОО» атты бағдарлама талқыланды, өзара кәсіби біліммен алмасу боынша ой бөлісті. Аса маңызды және өзекті тақырыптардың бірі «Бүгінгі күнгі басқарушы. Қандай болу керек? Тайм-менеджмент» тақырыбына семинар-практикум өткізілді. Психологиялық күйді бақылап, стресстік жағдайды түсіру, қалпына келтіру бойынша психологиялық тренинг өткізілді. Ғалымдар мектеп басшыларымен ғылыми жаңалықтарымен аянбай бөлісті, олар тәрбие мәселелері мен жас буынды оқытудың эксперттері мен кеңесшілері болып табылады. ЖДМ отырыстары жас басшыларға өз білімін жетілдірудің жоспарын құруға, басқарудың кәсіби әдістемесін таңдап, өз білімі мен дағдыларын жетілдіруге, өз басқару стилін, ұжымды басқару жолдарының ұтымды шешімдерін табуға, қиындық туғызатын жағдайларды анықтауға, әріптестермен кеңесіп, көмек алу бойынша мүмкіншілік береді. Барлық қатысушылар әдебиет тізімін, өз бағдарламалары, жобалары мен жоспарларын іске асыру бойынша электронды материалдармен, ескерту парақтарымен қамтамасыз етілді. Басшы болу жолындағы жас директорлар тәжірибелі әріптестер мен ИнЕУ-дің пофессорлық құрамымен бірлесе жұмыс істеуге деген ықыласы мен зор ризашылығын білдіреді.

Қалалық білім беру бөлімі

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш.Нұрахметова