ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Үздік педагог -2015» республикалық сайыстың І кезеңінің қорытындысы
20-05-2015 08:52
«Үздік педагог -2015» республикалық сайыстың І кезеңінің қорытындысы

Заманмен қатар мемлекет, қоғам өзгереді, ал мұғалімге деген талаптың да өзгеруі-заңдылық. Шын мәнісінде, өркениетті қоғамдағы нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтарына оқушыларды бейімдеп оқыту, барша мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет.Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін артыруға талаптануы тиіс. Осы жолда шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және анықтау, ұстаздардың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында, Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Үздік педагог-2015» республикалық сайыстың қалалық кезеңін өткізді. Сайыстың қалалық кезеңіне 28 ұстаз қатысты. Оның ішінде мектеп мұғалімдері-20, балабақша тәрбиешілері-7 және қосымша білім беру педагогтер-1. Сайыстың қорытындысы бойынша 12 жеңімпаз анықталды: І орын- Ә.Н.Ташимова , №25жалпы орта білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі, С.Н. Барвих, №28жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі) ІІ орын- Сайрагүл Жазкей, Е.Ю. Ендураева.,Л.Д.Болехивская Е.В.Пфейфер №17,№39, СТИКС жалпы орта білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, А.Г. Терешкина №29 балабақшасының әдіскері. ІІІ орын- Г.Д.Бектұрғанова, Д.К Шабажанова, №21,25 жалпы орта білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері,Айна Узбен №35 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Н.Л.Блок №13жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі),М.В.Желобанова №51 балабақшасының тәрбиешісі Сайыс лауреаттары:Б.Т. Аушахманова №4 жалпы орта білім беру мектебінің тарих және география пәндерінің мұғалімі, Л.В.Ланкович, Н.В. Иванова №6,№21жалпы орта білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, Н.А Еленич №34жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі , Е.Г.Матвиенко №82 балабақшасының тәрбиешісі. Қалалық сайыста жеңіске жеткен 12 жүлдегер республикалық сайыстың облыстық кезеңіне ұсынылды. Біздің ойымызша,әрбір байқау мүғалім үшін тек өзін тексеріп бағалау ғана емес,одан әрі қарай өздігінен білімін тереңдетуге, кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге түрткі болары анық. Ж.Геложутдинова, білім беру бөлімінің әдіскері