Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Көшбасшылар мектебі» жазғы көшпелі лагерін өткізу туралы есеп
07-07-2016 09:50
2016 жылғы 27 маусым - 1 шілде күндері аралығында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында Павлодар қ. жалпы орта білім беру мектептері оқушыларына арналған «Көшбасшылар мектебі» лагерінің жұмысы ұйымдастырылды. Осы лагерді өткізудің міндеттері: - жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; - экологиялық және туристік-өлкетану қызметінің құралдары арқылы көшбасшылық қасиеттері мен әлеуметтік белсенділікті дамыту; - экологиялық және туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу; - салауатты өмір салты құлықдағдысын дамыту болды. Лагер ұйымдастырушылары «Павлодар қ. білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, лагерді қабылдаушы Павлодар облысы үздік демалыс аумақтарының бірі - «Алтын Баян» ДА болды. Лагерге 150 астам адам қатысты.