ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жігер"аула клубы
18-02-2016 05:37
Оқушылардың логикалық мәдениетін қалыптастыру- білім берудің маңызды шарты. Логиканы оқу және тұлғаның зияткерлігінің дамуына сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Логиканың заңдарын меңгеру және оларды тәжрибеде дұрыс қолдана білу, қоғамдық өмір құбылыстарының өзара байланыстары мен заңдарын тануға, шын пайымдаулардың дәлелді түрінде қорғауға, дәлелді пікірсайыс жүргізуге көмектеседі. 2016 жылдың ақпанның 15 –ші жұлдызында «Жігер» жасөспірімдер клубында «Логикон» үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Кім жылдам» атты логикалық есептер шығару сайысы өтті. Шараның мақсаты: оқушылардың логикалық мәдениетін және өз бетімен шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Сайыскелер төрт топқа бөлініп логикалық тапсырмаларды орындады. І-шi турда ауызша есептер шығару барысында 2-ші топ оқушылары алдарына жан салмады, ойлау шапшаңдығы мен тез арада шешім қабылдау икемдері жеңіске жеткізді. ІІ-ші практикалық турда сайыскерлерге есептеу иекемдерін және сын тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолдануға жол ашты. Топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатыстаста жұмыс істеу, қажетті ақпаратты қолдана білу қасиетері ІІІ- ші топтың оқушыларын жеңіске жеткізді. Сайыс өте қызықты және мағыналы өтті. Сайыскерлердің ішінде келесі оқушылардың белсенділігін атап өтуге болады: Кожанова Гүлдана, Қанжығалы Данель, Зекен Асылхан, Байтанат Батырхан, Әбубәкір Дінмұхамбет және Рахимбекова Аружан. Сайыстың нәтижесі бойынша қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.