ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» семинар
19-11-2015 02:46
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» семинар
2015 жылғы 14 қараша күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласының ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбы бойынша бірлескен семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қ.М.Құсбекова, маманы Рустемова Р.А., Павлодар қаласындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссиясының маманы Нукина К.С., Павлодар қаласының ІІБ Оңтүстік полиция бөлімі аға инспекторыны майор Қасенова Ж.С. мектептердің директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасарлары мен мектеп инспекторлары қатысты. Семинар ашық әңгіме түрінде ұйымдастырылды, оның барысында Солтүстік полиция бөлімі аумағындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың жағдайы талқыланды, құқық бұзушылықты болдырмау жолдары, мектептер мен мектеп инспекторлары арасындағы өзара бірлескен жұмыс мәселелері қарастырылды. Семинар қорытыныдысында ата-аналар мен оқушылар арасында құқықтық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында тақырыптық шаралар ұйымдастыру ұсынылды.