Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
МАНАБАЕВА ГУЛЬБАЙРАМ РАХИМОВНА
06-07-2015 16:06
МАНАБАЕВА ГУЛЬБАЙРАМ РАХИМОВНА
Гульбайрам Рахимовна Манабаева 1951 жылы 25 қарашада Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығын бітірген. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін Павлодар облысы Краснокутск ауданы, Спартак орта мектебінде (қазіргі Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылы) қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі болған. 1978 жылдан бастап 1989 жылға дейін Павлодар қаласы, облыстық Ыбырай Алтынсарин мектеп-интернатында аға тәлімгер әрі қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берген. Осы жылдары жақсы еңбек еткені үшін Бүкілодақтық «Артек» пионер лагерінде, 1981 жылы Мәскеу қаласындағы «Олимпиец-80» мектебінде іс-тәжірибесімен, 1981 жылы Германия елінде іс-тәжірибесімен, Одақ көлемінде аға тәлімгерлерге дәріс оқыған. 1988 жылы Атырау қаласындағы республикаға танымал ұстаз Құсни Айтқалиев мектебінде Қазақстан мұғалімдерімен іс-тәжірибесімен алмасқан. 1989 жылдан бастап 2013 жылға дейін Республикалық Қанипа Бітібаеваның авторлық мектебінің мүшесі болған. 1989 жылдан бастап 1992 жылға дейін Павлодар қаласындағы №10 Абай атындағы мектептің мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары болды. 1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін Павлодар педагогикалық институтының ішінен ашылған жеке меншік колледжде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласындағы №35 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінде жұмыс істейді. Марапаттары:
  1. «Аға тәлімгер-нұсқаушы»
  2. «Аға тәлімгер-әдіскер»
Қазақстан Республикасының Білім жән ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен 2006, 2008 жылдары марапатталды. Павлодар облысының 70 жылдығына арналған «Кто есть, кто» кітабына енгізілген. 2009 жылы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Алтын есімдер» кітабына енгізілген.